08 сәуір 2014 20:19

Футболдан 2014 жылғы әлем біріншілігінің ресми әні таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: wallsev.com Сурет: wallsev.com

YouTube видеохостингінде 2014 жылғы футболдан әлем чемпионатының ресми әні жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.


YouTube видеохостингінде 2014 жылғы футболдан әлем чемпионатының ресми әні жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.

Футболдан 2014 жылғы әлем біріншілігі Бразилияда 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді. Бұл әлем біріншілігінің "Біз біргеміз" ("We Are One") атты ресми әнін Питбуль, Дженнифер Лопес және бразилиялық әнші Клаудиа Лейтте орындайтын болады.

  

Айта кетейік, 2014 жылғы әлем біріншілігінің ресми әнұраны турнирдің жабылу салтанатында орындалады. Оны Карлос Сантана, Уайклеф Джин, Авичи және Алешандре Пирес сынды әншілер айтады. Жалпы футболдан әлем біріншілігіне 32 команда қатысады. Ойындар Бразилияның Рио-де-Жанейро, Ресифи, Салвадор, Сан-Паулу, Порту-Алегри, Манаусе, Форталезе, Натале, Белу-Оризонти, Бразилиа, Куябе және Куритибе сынды қалаларында өтеді. 

Қазақстандық жанкүйерлер футболдан 2014 жылғы әлем біріншілігін "KazSport", "Қазақстан" және "Еуразия" бірінші арнасынан тамашалай алады. "KazSport" арнасының директоры Диас Ахметшәріптің айтуынша, бұл ойындарды қазақстандық комментаторлар стадионнан жүргізетін болады. "Біз Бразилияға жеті адамнан құралған топты жібереміз. Олар - режиссерлар, операторлар және комментаторлар", - дейді Ахметшәріп.

Ал 2014 жылғы әлем чемпионатын Бразилияға барып тамашалайтын қазақстандық саяхатшылар үшін виза қажет емес. Өйткені,  Бразилиямен  ҚР барлық құжаттарына визасыз режим орнатылған.

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети