Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 4 жылға спорттан шеттетілді

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 26 жастағы Айбол Әбікен допинг қолданғаны үшін төрт жылға спорттан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 26 жастағы Айбол Әбікен допинг қолданғаны үшін төрт жылға спорттан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, спортшы бұған дейін допинг пайдаланды деп айыпталған болатын.

Ойыншының допинг сынамасы оң нәтиже бергенін журналист Сергей Райлян мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Ол футболға 2026 жылдың 29 сәуіріне дейін орала алмайды, яғни 30 жасқа толуына бір айдан аз уақыт қалғанда. Бұл мансаптың соңы ма?", - деп жазды Райлян.

Әбікен наурыз айында Молдовамен өтетін УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі алдында допинг сынамасынан өте алмаған. 2022 жылы ол Қазақстан Премьер-Лигасындағы ең қымбат ойыншы атанды. Павлодарлық "Ақсу" командасының ойнаған.

Айбол Әбікен - Алматы футбол мектебінің түлегі. Жасыл алаңдағы алғашқы кездесуін 2017 жылы "Қайрат" сапында өткізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама