28 қыркүйек 2021 | 08:56

Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғаш рет жартылай финалға шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасы Ираннан жеңіп, Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан құрамасы Ираннан жеңіп, Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалда Қазақстан құрамасы Иранмен ойнап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймның қорытындысы бойынша Қазақстан қарсыластарынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Команда сегізінші және 15-ші минуттарда гол жіберіп алды. Мослем Оладгобад пен Ахмад Эсмаилпурмен ерекшеленді.

Реклама
Реклама

Бірақ үзілістен кейін, кездесудің 25-минутында Иран қақпашысы Алиреза өзі гол соқты. Ал 29-минутта қазақстандық шабуылшы Арнольд Кнауб есепті теңестірді. Қазақстан құрамасының жеңіс голын Тайнан матчтың 39-минутында соқты.

Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Финалға шығу үшін ол Португалиямен ойнайды, матч 30 қыркүйекте өтеді. Тағы 1/2 жұп Бразилия мен Аргентина болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная