29 қаңтар 2022 | 09:29

Футзалдан Еуро-2022 плей-оффында Қазақстан қарсыласы кім болады?

Фото: footballua.tv

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында топтық кезеңде А тобында екінші орын алған Украина құрамасымен кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында топтық кезеңде А тобында екінші орын алған Украина құрамасымен кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шешуші матчте Украина Португалиядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды, ал олардың қарсыласы - Нидерланды құрамасы Сербияға 2:3 есебімен есе жіберіп, қажетті нәтижеге қол жеткізе алмады. Осылайша, Украина құрамасы Еуро-2022-де үш ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша қарсыластарынан озып, екінші орынға орнықты. 

Еске салайық, Италияны жеңген Қазақстан құрамасы жеті ұпай жинап, B тобында бірінші орынмен плей-оффқа шықты. Қазақстан - Украина ширек финалы 31 қаңтарда өтеді. Қазақстан құрамасының қазіргі жаттықтырушылар штабына футзалдан Украина құрамасының тарихындағы ең үздік бомбардир Сергей Коридзе кіретінін айта кеткен жөн.

Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші рет Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шығып отыр, алдыңғы екі турнирде командамыз мынадай нәтижелерге қол жеткізген еді: 2016 жылы - үшінші орын, 2018 жылы - төртінші орын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная