25 қаңтар 2022 08:28

Футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы қарсыласын ірі есеппен жеңді

© uefa.com

Футзалдан Нидерландыда өтіп жатқан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы Финляндиядан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футзалдан Нидерландыда өтіп жатқан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы Финляндиядан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 қаңтарға қараған түні Гронингенде өткен кездесу 2:6 есебімен аяқталды. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Қазақстан құрамасында гол соққандар: Біржан Оразов (17 және 31-минуттар), қақпашы Игита (24), Арнольд Кнауб (28, 33) және Азат Валиуллин (39).

Реклама
Реклама

Қазақстанның В тобындағы бәсекелестері Италия мен Словения тең ойнады, есеп - 2:2.

Бұл турнирде қазақстандықтар екінші матчін өткізіп отыр. Бірінші ойында біздің құрама Словениямен тең ойнаған - 4:4. 

Екі ойыннан кейін төрт ұпаймен Кака шәкірттері топта бірінші орынға шықты. Қазақстан кейінгі ойынын 28 қаңтарда италиялықтарға қарсы өткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram