Футзалдан Еуропа чемпионатының екінші финалисі анықталды

© УЕФА

Футзалдан Нидерландыда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының екінші финалисі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Футзалдан Нидерландыда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының екінші финалисі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Португалия мен Испания құрамалары арасындағы тартысты матчте пиренейліктер камбэк жасады. Бірінші таймның қорытындысы бойынша испаниялықтар 0:2 есебімен ұтып жатты. Алайда үзілістен кейін Португалия ойыншылары үш гол соғып кетті.

Португалия құрамасының сапында Бруну Коэлью (28 мин) және Зики (31, 38 мин) ерекшеленді. Ал Испания командасынан Рауль Гомес (17 мин) пен Чино (12 мин) көзге түсті.

Реклама
Реклама

Енді 6 ақпанда турнирдің финалында Ресей мен Португалия футзалшылары кездеседі. Еске салайық, Португалия құрамасы өткен жылы Литвада өткен әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.

Үшінші орын үшін Испания-Украина матчі мен финал 6 ақпанда өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная