29 қаңтар 2022 | 00:24

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихта үшінші рет Euro плей-оффына шықты

©uefa.com

Қазақстан құрамасы Италияны жеңіп, өз тарихында үшінші рет футзалдан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан құрамасы Италияны жеңіп, өз тарихында үшінші рет футзалдан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

В тобындағы кездесу Гронинген қаласында өтіп, қазақстандық команданың пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Игита матчтың басында шабуылға қосылып, доптан айырылған, бірақ италиялықтар бұл қателігін кешірді. Кейін Игита қарсыласына қауіп алаңынан гол соғуға мүмкіндік бермей қойды.

Ал 6-шы минутта қазақстандықтар есеп ашты - Біржан Оразов Дуглас Жуниордың пасынан кейін гол соқты. Үш минуттан кейін Азат Валиуллин команданың басымдығын еселеді. 

Реклама
Реклама

13-минутта италиялықтар гол соқты, Дуглас Николоди көзге түсті. 

Үзілістен кейін италиялықтар біздің ойыншыларды қақпаға тіреп алғанын да айта кетейік, бірақ Кака шәкірттері жанқиярлық танытты. Оразов 30-шы минутта қарсы шабуыл барысында дубль жасап, ал 38-ші минутта Дуглас Жуниор көзге түсті.

Осы жетістіктің арқасында Қазақстан құрамасы жеті ұпай жинап, өз тобының жеңімпазы атанды, ал Италия құрлықтық турнирден шығып қалды. Ширек финалда, 31 қаңтарда қазақстандықтар А квартетінің екінші командасымен ойнайды.

Еске салайық, Қазақстан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне 2016 (үшінші орын) және 2018 (төртінші орын) жылдары шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная