ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 03 наурыз 2014, 18:41
Галина Вишневская – қазақ биатлонының жаңа буыны
Биатлоннан Преск Айлде (АҚШ) өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына бір алтын, бір күміс түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.Жасөспірімдер санатындағы қыздар арасындағы бәйгелерде Галина Вишневская ел намысын абыроймен қорғауда. Ол әуелі спринт бәйгесінде екінші орын алып, күміс жүлдегер атанды. Екі рет жамбы атудың соңғысында, яғни түрегеп тұрып нысана көздеуде бір рет мүлт кетіп, соның кесірінен алтынға қол жеткізе алмады. Чемпион атанған орыс қызынан 0,3 секунд қана қалып қойды.Есесіне, ізге түсу бәйгесінде спринтте алтынмен апталған Ресей қызы Е.Павлованы бірінші жамбы атуда-ақ басып озып кетті. Содан бірінші орынды уысынан шығарған жоқ. Бұл жолы төрт рет жамбы ату керек болды. Галина соның екіншісі мен төртіншісінде бір реттен мүлт кетсе де, алдына жан салған жоқ. Көмбеге екінші орын алған неміс қызы Луиза Каммерден бір минуттай бұрын жетті.Естеріңізге сала кетейік, Галина Вишневская жақында Сочи Олимпиадасына қатысып, баға жетпес тәжірибе жинақтап қайтқан. Осы бетінен таймаса, болашақта ел намысын лайықты деңгейде қорғайтын аруымызға айналады деп үміттенеміз. Өкінішке қарай, қалған қыз-жігіттеріміз жүлделі орындарға сына қаға алар емес. Бүгінге дейін өткен бәйгелердегі жерлестеріміздің көрсеткіштері төмендегідей:Биатлон. Әлем чемпионаты. Жасөспірімдер. Қыздар. Спринт. 6 шақырым18. Елизавета Бельченко38. Евгения Красикова42. Алина Слепенко47. Виктория БаженоваҚыздар. Ізге түсу жарысы. 7,5 шақырым10. Елизавета Бельченко29. Евгения Красикова39. Алина Слепенко47. Виктория БаженоваЖасөспірімдер. Жігіттер. Спринт. 7,5 шақырым7. Роман Еремин10. Владислав Витенко12. Андрей Ларионов36. Владислав МиропольскийЖігіттер. Ізге түсу жарысы. 10 шақырым13. Владислав Витенко18. Роман Еремин38. Андрей Ларионов40. Владислав МиропольскийЖастар. Қыздар. Спринт. 7,5 шақырым2. Галина Вишневская19. Анастасия Кондратьева38. Александра Сасина44. Валентина СауленкоҚыздар. Ізге түсу жарысы. 10 шақырым1. Галина Вишневская30. Александра Сасина34. Анастасия Кондратьева45. Валентина СауленкоЖастар. Жігіттер. Спринт. 10 шақырым26. Максим Браун33. Руслан Бесов39. Вадим Юшин40. Тимур ХамитгатинЖігіттер. Ізге түсу жарысы. 12,5 шақырым27. Тимур Хамитгатин31. Максим Браун37. Руслан Бесов54. Вадим ЮшинЖастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 7 наурызға дейін созылады. Ендеше, Галина Вишневская бастаған таланттарымыздың әлі де бірнеше мүмкіндіктері бар...
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии