14 маусым 2023 | 17:39

Геннадий Головкин тағы бір атағынан бас тартты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
instagram/gggboxing

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулынан ресми түрде бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулынан ресми түрде бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спортшының шешімін Халықаралық бокс ұйымының президенті Эд Левин мәлімдеді.

"GGG IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартқанын үлкен мақтанышпен және мұңая хабарлаймыз", - деп келтіреді britishboxingnews Левиннің сөзін.

Реклама
Реклама

"Геннадий мен IBO арасындағы сыйластық пен құрмет 12 жылға созылды және ол IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін 22 жекпе-жектен тұрады. GGG бұл жолды 2011 жылы орта салмақ дәрежесінде алғашқы ретінде бастады және осы күнге дейін солай болып келе жатыр.

Баршамызға белгілі, әлем чемпионаты басталғанда басты қарсыластар онымен жекпе-жектен салмақты себеппен қашқақтады.

15 жекпе-жекті қатарынан нокаутпен жеңуі оның себебін анық көрсетеді. Үздік боксшы ешқашан нокдаунға түскен емес", - деді IBO басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық IBF чемпионы титулынан, кейін WBA белбеуінен бас тартқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная