21 қараша 2021 | 11:23

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім болатыны анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім болатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің келесі қарсыласы канадалық Патрис Волнимен жекпе-жекте жеңіске жеткен бразилиялық боксшы Эскива Фалькао болды.

Жекпе-жек Лас-Вегастағы Top Rank кеші аясында өтті. Алтыншы раундта боксшылар бастарымен қатты соқтығысып, Фалькао қансырап, жекпе-жек тоқтатылды. Нәтижесінде, төрешілер жеңісті бразилиялыққа берді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, осы бокс кешінің андеркартында орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы Хассан Н'Дам Н'Жикамды нокаутпен жеңді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram