ПОДЕЛИТЬСЯ
26 тамыз 2019 | 13:11
Головкин алдап отыр - Деревянченко
Украиналық боксшы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкин бірінші баспасөз конференциясында қорқатынын айтқан кезде, алдағанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Украиналық боксшы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкин бірінші баспасөз конференциясында қорқатынын айтқан кезде, алдағанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен дайынмын. Мен ертең Калифорнияға аттанып, жаттығу лагерін бастаймын. Головкин қорқып қалды ма? Меніңше, ол алдап отыр. Негізінде ол менен қорықпайды. Ол осы ойынды жақсы біледі: "Мен сенен қорқамын" және сол сияқты. Менің ойымша ол менен қорықпайды. Бұл ойын секілді; "Ой, мен сенен қорқамын". Менің ойымша ол менен қорықпайды, мен одан қорықпаймын.
5 қазанда шаршы алаңға шығуға дайынмын және өзімнің кім екенімді көрсетемін. Джейкобсқа қарсы өткен кездесуде жақсы тәжірибе алдым. Енді мен тәжірибелімін", - деді Деревянченко.
Головкин - Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Олар орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Боксшылардың қанша гонорар алатыны және андеркартта кімдер өнер көрсететіні белгілі болды.
Показать комментарии
Читайте также