Головкин әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысу үшін Мәскеуге барды

Геннадий Головкин. Сурет: Getty Images

?аза?станды? к?сіп?ой боксшы Геннадий Головкин Ресейде ?ткізілетін 2018 жыл?ы футболдан ?лем чемпионатыны? ашылу салтанатына ?атысады. Б?л туралы боксшыны? промоутері Том Леффлер ESPN басылымына берген с?хбатында айтты.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Ресейде өткізілетін 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер ESPN басылымына берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, Головкинді Мәскеуге демеушілерінің бірі шақырған. Ол қонақ ретінде мундиальдың ашылу салтанатына қатысады. Мундиальдің ашылу салтанаты Мәскеудегі "Лужники" стадионында 14 мамырда Астана уақытымен сағат 20:30-да басталады. Жарты сағаттан кейін Ресей мен Сауд Арабиясы құрамаларының ойыны өтеді.

Мұның алдында Геннадий Головкин ұлымен бірге 2018 жылғы Стэнли кубогы үшін "Вашингтон Кэпиталз" мен "Вегас Голден Найтс" арасындағы шешуші ойынын тамашалаған болатын.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама