31 наурыз 2022 11:56

Головкин Канеломен өткен екі жекпе-жек туралы ойын ашық айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареспен өтетін үшінші жекпе-жек қарсаңында өткен екі кездесудің нәтижесіне өз көзқарасын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареспен өтетін үшінші жекпе-жек қарсаңында өткен екі кездесудің нәтижесіне өз көзқарасын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың бірінші жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп, даулы есеппен аяқталған болатын. Ал тура бір жылдан кейін сол жерде Канело көпшіліктің шешімімен жеңіске жетті.

Головкин 2022 жылдың 17 қыркүйегіне жоспарланған Канеломен өтетін жекпе-жекке дайын екенін айтты. 

Реклама
Реклама

"Алғашқы екі жекпе-жектің нәтижесі мені алаңдатпайды", - деді Головкин DAZN тілшісіне.

- Мен ешқандай алаңдаушылықты сезінбеймін. Мен үшінші кездесуді асыға күтемін.

Егер Канеломен үшінші жекпе-жек өтетін болса, мен оған кейбір қателіктерді түзету мақсатымен емес, жеңу үшін міндетті түрде келемін. Мен біреуге бірнәрсені дәлелдеу үшін боксқа келмедім. Маған ерекше жеңіс керек. Мен мансабымды жалғастырамын, өйткені өзімді керемет сезінемін".

Еске салайық, Головкин 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы "суперчемпион" жапондық Риота Муратамен біріктіру жекпе-жегін өткізеді.

Альварес мамыр айында жеңіл салмақтағы WBA тұжырымы бойынша жеңіліп көрмеген чемпион Дмитрий Биволмен кездеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram