15 ақпан 2022 | 15:49

Головкин карьерасын аяқтауға қатысты сұраққа жауап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Walking The Floor подкастында сұхбат беріп, алдағы жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Walking The Floor подкастында сұхбат беріп, алдағы жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

- Қазір карьераңызды аяқтайтын уақыт жақындады. Тағы қанша уақыт өнер көрсетесіз және бокстан кейін не істейтініңізді ойландыңыз ба?
- Рақмет, Крис, дұрыс байқадың. Басқалар сияқты ерте шешім шығармадың. Боксқа деген махаббатым ешқашан тоқтамайды деп ойлаймын. Бұл университетті бітіру сияқты. Университетті тәмамдап, жұмысқа шығасың, сөйтіп, шынайы өмір басталады. Менде де сондай сезім. "Университетті бітіремін" және қалыпты өмірге қадам басамын. Бұл қалай болатынын ешкім білмейді. Бірақ не істейтінім туралы идеяларым бар. Сондықтан оған жақсы қараймын, дайынмын. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Әлі аяқтаған жоқпын, бірақ оған қасіретке қараған секілді қарамаймын. Менің ойымша, тек жақсы болады. Кез келген таңдауым дұрыс болады деп ойлаймын.

- Балаларың бір күні: "Әке, біз де сен сияқты боксшы болғымыз келеді", - десе, не дер едіңіз?
- Мұндай жағдай болуы екіталай. Үлкен ұлым не істейтінімді, қалай істейтінімді біледі. Ол хоккей ойнайды. Оның бокспен айналысқысы келетініне күмәнім бар. Кейде оны бокс немесе UFC көруге шақырамын. Ол: "әке, бұл заңсыз. Сіз заңсыз істермен айналысасыз" дейді. Сондықтан олардың мұндай қалауы бар екеніне күмәнім бар. Ашығын айтқанда, олар бокспен айналысатындай жағдайда емес. Олар - басқа буын, басқаша ойлайды. Кейде олармен өздерінің тілінде сөйлесесің, тіпті не туралы айтып жатқанын түсінбей қалатын кездер де болады.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Головкин мотивацияны қайдан алатынын айтты.

"Әсіресе жас ұлғайған сайын мотивация қажет екен. Көптеген мысал келтіруге болады: бұл - Рой Джонстың Антонио Тарверге қарсы жекпе-жегі және Майк Тайсонның Жапонияда Дугласқа қарсы күресі. Тарихта мұндай оқиғалар бар екені белгілі. Сондықтан тек дұрыс қорытынды жасау керек. Бірақ өзім үшін басқаша айтқым келеді. Мотивация деуге келмейтін шығар, тілегім бар. Шынында да, бірдеңе қаласаң... "Жаман" мысал келтіруге болады. Жыныстық қатынасты қаласаң, онда шынымен қалайсың. Жоқ болса, жоқ. Жекпе-жек те сондай. Уақыт өтті, "ашсың", оны қалайсың. Бұл жекпе-жекті керемет өткізгің келеді, оған толық берілесің", - деді Головкин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная