28 желтоқсан 2021 10:14

Головкин мен "суперчемпион" үш титул үшін қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Головкин - Мурата. Фото ©DAZN

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек осы қыста өтуі ықтимал, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Муратамен жекпе-жек ақпанға ауысуы мүмкін, егер GGG жеңсе, оған сиқырын қайтару үшін келесі жылы тағы екі жекпе-жек қажет", - делінген ESPN инсайдері Майк Коппинджер мақаласында.

Еске салайық, бұл боксшылар 29 желтоқсанда Токио қаласында кездесуі керек еді. Бірақ коронавирустың омикрон штамы тарап кеткеннен кейін, Жапонияда карантин жарияланды. Ал осыған дейін Муратаның кездесулерін ұйымдастыратын Teiken промоутерлік компаниясы жекпе-жек көктемге шегерілгенін хабарлады. Бірақ өзге мәлімет көздері бұл айқас наурыз немесе сәуірде өтетінін жазған еді. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram