Гвинея құрамасы Токио Олимпиадасына қатыспайтын болды

Фото ©REUTERS

Гвинея құрамасы Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты. Бұл туралы елдің спорт министрі Санусси Бантама Соу мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Гвинея құрамасы Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты. Бұл туралы елдің спорт министрі Санусси Бантама Соу мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бес адамнан тұратын құраманы Олимпиадаға жібермеудің ресми себебі ретінде коронавирус жұқтыру қаупі аталған. Бірақ ел үкіметіне жақын ақпарат көзі мәселенің бәрі сапар шығындарына қаражат жетіспегендіктен деп болжам жасаған.

"COVID-19-ға байланысты Гвинея спортшыларының денсаулығына алаңдаған үкімет, құрама Токио Олимпиадасында өнер көрсетпейді деп шешті", - делінген Санусси Бантама Соудың Гвинея Олимпиада комитетінің президентіне жолдаған хатында.

Реклама
Реклама

Гвинея құрамасына Фатумата Яри Камара (күрес), Мамаду Самба Бах (дзюдо), Фатумата Ламарана Туре және Мамаду Тахиру Бах (жүзу) және Айсата Дин Конте (жеңіл атлетика, 100 метрге жүгіру) кірген.

Олимпиада ойындары Токиода 23 шілдеде басталады.

Бұған дейін олимпиадаға келген угандалық 20 жастағы ауыр атлет Юлий Ссекитолеко Жапонияда жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын. Ол кетер алдында хат қалдырған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная