25 қазан 2020 | 15:14

Хабиб карьерасын аяқтағаннан кейінгі жоспарын айтты

Титулын қорғағаннан кейін UFC-тегі карьерасын аяқтаған Хабиб Нурмагомедов болашаққа жоспарын айтты, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Титулын қорғағаннан кейін UFC-тегі карьерасын аяқтаған Хабиб Нурмагомедов болашаққа жоспарын айтты, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Ресейлік спортшы аралас жекпе-жекке көп ұзамай жаттықтырушы ретінде оралуы мүмкін екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Жақын арада шыңға ораламыз", - деді спортшы 2012 жылдан бастап Нурмагомедовтың жаттықтырушыларының бірі болып жұмыс істеген Хавьер Мендестің Instagram-дағы видеосында.

Ол Мендестің спортқа жаттықтырушы ретінде оралуың мүмкін бе деген сұрағына: "Үміттенемін... Мен сізге қанша жыл көмектестім, жаттықтырушы?" деп жауап берді. "Көп жыл. Әлі де көп жыл көмектесесің", - деді Мендес.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Javier Mendez (@akajav) 24 Окт 2020 в 2:27 PDT

Еске салайық, Нурмагомедов сенбіде Абу-Дабиде өткен UFC кешінде америкалық Джастин Гэтжиді екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, чемпион атағын қорғап қалды. Содан кейін ол карьерасына аяқтағанын мәлімдеді. Ресейлік спортшының еншісінде аралас жекпе-жекте 29 жеңіс бар. Ол бірде-бір рет жеңіліс таппаған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная