28 қаңтар 2019 | 09:09

Хабиб Нурмагомедов Қарағандыға келді

© instagram.com/tansholpankrg_life

Аралас жекпе-жектен ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов Қарағандыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Спортшы сапарында "Таңшолпан" балалар үйіне барды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аралас жекпе-жектен ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов Қарағандыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Спортшы сапарында "Таңшолпан" балалар үйіне барды.

"Хабиб Нурмагомедов бізде қонақта. Иә, рас, әзіл емес. Чемпион біздің балаларымызды қуантып қайтты. Сөзінде тұрып, бізге келді. Осындай кездесу ұйымдастырған Сашаға рақмет. Тамаша болды", - делінген балалар үйінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Детский дом Таншолпан (@tansholpankrg_life) 27 Янв 2019 в 8:17 PST

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тренер по Боксу-Кикбоксингу (@amirzhanbosinov) 27 Янв 2019 в 8:18 PST

Instagram желісіндегі patriotkaragandy паблигінде чемпион жетім балаларды спортпен айналысып, зиянды әдеттерден алысуға кеңес берді.

"Спортпен айналысып, салауатты өмір салтын жүргізіңіздер," - деді Нурмагомедов балалар үйінің тәрбиеленушілеріне.

Сондай-ақ, Хабиб спортшыны жетімдер үйіне шақырған Александр Корогодовтың анасы жұмыс істейтін дүкенге барып, шоколад сатып алып қайтты. "Хабиб оған көп назар аударылғанын қалмаған жоқ, сондықтан ешкімге айтпай келді", - дейді Александр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Патриот Караганды (@patriotkaragandy) 27 Янв 2019 в 8:40 PST


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram