02 желтоқсан 2020 18:34

Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда турнир өткізбек

Фото:instagram.com/khabib_nurmagomedov

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихаты кезінде Хабиб Нурмагомедов жуырда сатып алған EFC промоушені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихаты кезінде Хабиб Нурмагомедов жуырда сатып алған EFC промоушені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Ресейді біз келесі жылы алты турнир өткіземіз. Мәскеу, Нижний Новгород, Дағыстан, Краснодар және Самара қалаларында өтеді. Мамырда Ташкентте, наурызда Бішкекте турнир өткізуге келістік. Қазақстанда екі турнир өтеді. Қаңтарда UAE Warriors ұйымымен бірлесіп бір турнир болады. Әбу-Даби қаласына барып, сол жақта жарыс ұйымдастыру ойда бар. Жалпы бір жылда 12 турнир өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді UFC чемпионы. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ Нурмагомедов қазақстандық Arlan MMA Pro Team командасы туралы ойын бөлісті. 

"Иә, мен бұл команда туралы естігенмін. Ол командада жақсы достарым бар. Бәріне сәттілік тілеймін. Мұндай командалардың көбеюі спортшылар арасында бәсекелестікті арттырады. Көптеген жігіт бізде, яғни Дағыстанда дайындық өткізген. UFC ұйымында өнер көрсететін бірнеше жігіт бар. Жалпы өте мықты команда", - деді ресейлік спортшы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram