Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келмекші, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық жанкүйерлерінің бірі Нурмагомедовтен балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін үндеу жолдап, кітап сыйлауды өтінді. Ресейлік файтер оған Instagram желісі арқылы жауап берді.
"Биыл Қарағандыға барамын және міндетті түрде сіздердегі балалар үйіне соғамын, ИншаАлла, ал сенің өтінішіңе қатысты дайректте байланысқа шығады, күт", - деп жазды Нурмагомедов, оған Instagram желісінде 13,5 миллион адам жазылған.
В этом году я прилечу в Караганду и обязательно ИншаАллагь приеду к вам детдом, а на счёт твоих личных просьб - с тобой свяжутся в директе, жди.
Публикация от Khabib Nurmagomedov (@khabib_nurmagomedov) 8 Янв 2019 в 3:20 PST
Нурмагомедовтің соңғы алты жазбасы жанкүйерлерінің өтініштеріне арналған. Ол жанкүйерлерінің пікірлері мен жағдайға қатысты өз ойларының скриншотын жариялады.