Хабиб Нурмагомедовтің әкесі қайтыс болғаны хабарланды

© ТАСС

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов дүниеден озды. Бұл туралы Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров Telegram-каналында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достар, Абдулманап Нурмагомедовтің дүниеден өткені туралы қайғылы хабар келді. Мен бүкіл шешен халқының атынан Абдулманап Магомедовичтің отбасына шын жүректен көңіл айтамын! Ол арамыздан кетіп, артында жақсы ат қалдырды және лайық ұрпақ өсірді!", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін 57 жастағы Абдулманап Нурмагомедовтің 25 сәуірде Дағыстанда ауруханаға түсіп, пневмония диагнозы қойылғаны хабарланған еді.

Реклама
Реклама

3 мамырда оның денсаулығы нашарлап, Мәскеуге жеткізілген. Артынша Нурмагомедовтің комаға түскені белгілі болған еді.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама