12 қараша 2021 | 09:17

Хабиб Нурмагомедовтің інісі полицейді қағып кетті деген күдікпен ұсталды - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov

Хабиб Нурмагомедовтің інісі, аралас жекпе-жек файтері Усман Нурмагомедов Мәскеудің Шереметьево әуежайында ұсталды. Ол әуежайда полиция қызметкерін қағып кетті деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі BAZA Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Хабиб Нурмагомедовтің інісі, аралас жекпе-жек файтері Усман Нурмагомедов Мәскеудің Шереметьево әуежайында ұсталды. Ол әуежайда полиция қызметкерін қағып кетті деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі BAZA Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Арна деректеріне сүйенсек, 11 қарашада таңертең Усман Нурмагомедов досы Камал Ыдырысовпен бірге Махачкаладан Мәскеуге ұшуы керек болған.

"Алайда әуежайға кіреберісте олар бақылау-өткізу бекетінде тұрған полиция қызметкерін қағып, тоқтамай кеткен. Кейін Усман мен оның досы Мәскеуге ұшып кетті. Онда оларды полиция күтіп алған", - делінген жазбада.

Реклама
Реклама

BAZA Telegram-арнасы.

SHOT Telegram-арнасы мәліметінше, кадрларда Нурмагомедовтің Camry көлігін тізгіндеп келе жатып, полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы талабын елемей кеткен сәті түсірілген.

Тағы бір нұсқалардың бірінде Хабиб Нурмагомедовтің інісі мен досы рейске кешігіп келген, сондықтан олар полицейдің нұсқауына тоқтамағаны айтылады. Қазір Усман Нурмагомедов пен оның досы Камал Ыдырысов қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная