"Хабиб титулын сақтап қалады" - UFC президенті
UFC президенті Дана Уайт ирландиялық Конор МакГрегормен жекпе-жектен кейінгі төбелес үшін Хабиб Нурмагомедовке Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) қандай шара қолданатыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

"Әзірге Хабибке ештеңе төленбеді. Олар гонорарды ұстап қалу туралы айтып жатыр. Толық сомманы сақтай алмайтыны анық. Хабиб титулын сақтап қалады - бұл нақты. Мүмкін оны АҚШ аумағында жекпе-жектерден шеттейді - төрттен алты айға дейін. Басқа жерде оның жекпе-жектерін өткізбейміз", - деп келтіреді Уайттың сөзін TMZ.
Айта кетейік, 6 қазан Лас-Вегаста өткен UFC 229 турирінде Нурмагомедов төртінші раундта МакГрегорды тұншықтырып тастаған еді. Осыдан кейін ол октагоннан асып түсіп, ирландиялықтың досына атылды. Мұның арты жаппай төбелеске ұласты.
Салдарынан ресейлікке октогон ішінде белбеу тағылмады және оған гонорар төлеу шегерілді.
NSAC алдағы отырысы 24 қазанда, онда Нурмагомедов пен МакГрегордың шағымдары тыңдалады. Соңғы шешім қазан соңында белгілі болады.