ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қыркүйек 2020 | 09:40
Хабибтің әкесін еске алу турнирінде қазақстандық нокаутпен жеңілді
Қазақстандық Дәурен Ермеков орта салмақта Fight Nights Global чемпионы титулын ала алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық Дәурен Ермеков орта салмақта Fight Nights Global чемпионы титулын ала алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы.
Бұл титулға ол Мәскеуде өткен Абдулманап Нурмагомедовті еске алу турнирінде бақ сынады. Жарысты ресейлік Fight Nights Global және GFC лигасы ұйымдастырды.
Ермековтің қарсыласы ресейлік Владимир Минеев болды. Олар басында бірлескен белбеу үшін төбелесуі керек еді, алайда соңында тек FNG үшін таласты.
Кездесу бес раундқа жоспарланған, бірақ үшіншісінде аяқталды. Ресейлік спортшының бірнеше рет жасаған шабуылына қазақстандық жауап бере алмады. Содан кейін төреші кездесуді тоқтатып, Дәурен Ермековке техникалық нокаут болды деп есептеді.
Айта кетейік, Ермеков уақытша GFC чемпионы және ол бұл белбеуді сақтап қалды.
Сондай-ақ турнирге жартылай жеңіл салмақта қатысқан қазақстандық Мұратбек Қасымбай да Fight Nights Global чемпионы бола алмай қалды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также