ПОДЕЛИТЬСЯ
09 желтоқсан 2021 | 14:10
ХОК басшысы Олимпиадаға бойкот жариялаған елдерге қатысты пікір білдірді
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Бейжіңдегі ойындарға АҚШ, Аустралия, Ұлыбритания және Канада тарапынан дипломатиялық бойкот жарияланғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Бейжіңдегі ойындарға АҚШ, Аустралия, Ұлыбритания және Канада тарапынан дипломатиялық бойкот жарияланғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
Бах Олимпиада ойындарына шенеуніктердің емес, спортшылардың қатысуы маңызды екенін айтты.
"Спортшылар сонда болса, оларды ұлттық үкіметтері қолдаса жарайды. Қалғаны - саясат. Мемлекеттік шенеуніктердің болуы - әр Үкіметтің таза саяси шешімі", - деді Бах.
Агенттік мәліметінше, АҚШ конгресінің мүшелері мен құқық қорғау топтары бірнеше ай бойы шақырған дипломатиялық бойкот екі елдің қарым-қатынасын тұрақтандыруға күш салынғанына, соның ішінде Джо Байден мен Си Цзиньпиннің видео кездесуі өткеніне қарамастан жалғасып жатыр.
"ХОК әрқашан спортшылардың Олимпиада ойындарына қатысуына алаңдайды. Үкімет тарапынан олимпиадашыларға қолдау көрсетілгенін құптаймыз. Бұл спортшыларға сенім ұялатады, ХОК үшін бұл өте маңызды", - деді ХОК президенті Томас Бах баспасөз мәслихатында.
Қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылы 4-20 ақпан аралығында өтеді.
Бұған дейін Ақ үйдің өкілі Джен Псаки АҚШ билігі Қытайдағы қысқы Олимпиадаға қатыспайтынын айтқан болатын. Одан кейін Аустралия, Жаңа Зеландия, Канада және Ұлыбритания да дипломаттарды ойындарға жібермеуге шешім қабылдаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также