Илон Маск "Манчестер Юнайтедті" сатып алу туралы мәлімдемесі әзіл екенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Илон Маск "Манчестер Юнайтедті" сатып алу туралы мәлімдемесі әзіл екенін айтты Фото ©REUTERS

Америкалық кәсіпкер, әлемдегі ең бай адамдардың бірі Илон Маск "Манчестер Юнайтед" футбол клубын сатып алу жоспары туралы қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Америкалық кәсіпкер, әлемдегі ең бай адамдардың бірі Илон Маск "Манчестер Юнайтед" футбол клубын сатып алу жоспары туралы қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкер Twitter-де футбол клубын сатып алу ниеті туралы өзі жариялаған жазбаға пікір қалдырды.

"Бұл Twitter-дегі ескі әзіл. Мен ешқандай спорт командасын сатып алмаймын", - деп жазды ол.

Жарнама
Жарнама

Осылайша, ол АҚШ-тағы ішкі саяси жағдайға қатысты өз көзқарасын білдірген тағы бір твиттерге сілтеме жасаған.

Айта кетейік, Маск Twitter-парақшасында "Манчестер Юнайтедті" сатып алу жоспары туралы жазған болатын.

"Манчестер Юнайтед" - траффордтық (Үлкен Манчестерде) футбол клубы. Ол 1878 жылы құрылған. Forbes команданың құнын 4,6 миллиард долларға бағалаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама