31 қазан 2018 | 17:42

Илья Ильин әлем біріншілігіне қатысатын спортшылар тізімінде тұр

Илья Ильин.

Түрікменстан астанасы Ашхабадта өтетін ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі анықталды. Қазақстан құрамасы атынан шығатын 20 зілтемірші арасында Илья Ильин де бар, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түрікменстан астанасы Ашхабадта өтетін ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі анықталды. Қазақстан құрамасы атынан шығатын 20 зілтемірші арасында Илья Ильин де бар, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ашхабадқа сапар алдында әлемнің төрт дүркін чемпионы Ильин жарысқа спортшы ретінде қатыспайтынын мәлімдеген еді. Алайда соңғы тізімде Ильин бар. Ал ол әлем біріншілігінде өнер көрсете ме, жоқ па әлі белгісіз. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы бұл мәселеге пікір білдірмеді. Ильиннің қатыспайтынына қатысты бір ғана жайт - бапкерлер штабының 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Александр Зайчиковті Ильин өнер көрсететін 102 келі салмақ категориясына ауыстыру шешімі.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, құраманың бас бапкері Юрий Мельников өз мәлімдемесінде Ильиннің сөзін растаған болатын. Қазақстан құрамасының бас бапкері Ильиннің шешіміне пікір білдіріп, орнын кім басатынын айтқан еді.

Биыл әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық ауыр атлеттер тізімі:

Ерлер:

- Арли Чонтей (А тобы, 55 келіге дейін);
- Фархад Харки (В тобы, 67 келіге дейін);
- Нижат Рахимов (А тобы, 73 келіге дейін);
- Айдар Қазов (В тобы. 81 келіге дейін);
- Денис Уланов (В тобы, 89 келіге дейін);
- Рүстем Сыбай (А тобы, 96 келіге дейін);
- Илья Ильин, Александр Зайчкиков (А тобы, 102 келіге дейін);
- Ибрагим Берсанов (В тобы, 109 келіге дейін);
- Ердос Сайлау (С тобы, 109 келіден аса)

Әйелдер:

- Зульфия Чиншанло (А тобы, 55 келіге дейін);
- Сәуле Сәдуақасова (В тобы, 59 келіге дейін);
- Әсем Садықова (В тобы, 64 келіге дейін);
- Карина Горичева (В тобы, 64 келіге дейіні);
- Екатерина Столяренко (В тобы, 71 келіге дейін);
- Надежда Лихачева (А тобы, 71 келіге дейін);
- Екатерина Быкова (В тобы, 76 келіге дейін);
- Раушан Мешітханова (В тобы, 81келіге дейін);
- Айзада Мүпділда, Александра Аборнева (С тобы, 87 келіден аса)

Жарыс қарашаның 1-10 аралығы Ашхабадта өтеді. Онда 16 жүлде ойнатылады - ерлер мен әйелдерге төрт-төрттен. Айта кетейік, әлем біріншілігі IWF атқарушы комитеті 2018 жыл шілдеде қабылдаған жаңа ережелер бойынша өтеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная