16 сәуір 2020 | 09:35

IWF басшысы жемқорлық дауға байланысты қызметінен кетті

Фото: Reuters

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) атқарушы комитеті Тамаш Аянның ұйым басшысы қызметінен отставкасын мақұлдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) атқарушы комитеті Тамаш Аянның ұйым басшысы қызметінен отставкасын мақұлдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Германиялық ARD телеарнасы қаңтардың басында журналист Хайо Зеппельттің фильмін жариялаған. Фильмде IWF пен Аян "жемқорлық мәдениетін" құрып, допингті жасырды деп айыпталған. 

Реклама
Реклама

Аян 22 қаңтарда IWF президенті қызметінен 90 күнге шеттетілген. Сондай-ақ, сол кезде IWF-те ішкі тергеу жүргізу туралы шешім қабылданған. Наурыздың басында Аян Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) құрметті мүшесі статусынан бас тартқаны белгілі болды. 

15 сәуірде БАҚ-та IWF атқарушы комитеті Аянның ұйымнан толық кетуіне дауыс бергені туралы хабарланды. 

"Мен сүйікті спортыма өмірімнің ең жақсысын ұсындым. Пандемияға байланысты медициналық жағдайлар мүмкіндік берген кезде сайлау өткізу жаңа буынға біз жақсы көретін спорттың жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін тезірек жұмысқа кірісуге мүмкіндік береді", - деді Аян.

Аян 1975-2000 жылдар арасында IWF бас хатшысы болған. Ал 2000 жылдан бері федерация президенті қызметін атқарып келді. Енді IWF-тің уақытша басшысы Урсула Папандреа болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная