Жалғас Жұмағұлов қос чемпиондық туралы мәлімдеме жасады

Жалғас Жұмағұлов қос чемпиондық туралы мәлімдеме жасады Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon лигасындағы жаңа жекпе-жегі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport лиганың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon лигасындағы жаңа жекпе-жегі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport лиганың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең жеңіл салмақтағы қазақстандық чемпионның қарсыласы аса жеңіл салмақтағы белбеу иегері бразилиялық Севериньо болады. Жекпе-жек жеңімпазы қос салмақ бойынша чемпион атанады.

"Мен сені күтемін! Саған жаңа буынның күшін көрсетемін", - деп лига бразилиялық спортшының сөзін келтіреді.

"Жігітім, мен сен жекпе-жек дегеннің не екенін білмей тұрып жұдырықтасып жүргенмін", - деп жауап қайтарды Жалғас.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бразилиялық файтер небәрі 22 жаста болса, Жұмағұлов қазір 37 жаста.

Еуропалық лиганың екі белбеуі сарапқа салынатын кездесу 6 маусымда Братиславада (Словакия) өтеді.

Еске сала кетейік, қазақстандық UFC экс-файтері Oktagon лигасында үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Жалғастың белбеуді алғаш рет қорғаған соңғы айқасы мерзімінен бұрын аяқталды, себебі чехиялық Давид Дворак үш раундтан кейін жекпе-жекті жалғастыра алмады.

OKTAGON лигасы - әлемдегі ең үздік 10 лиганың қатарына кіретін Еуропадағы ірі ММА промоушені. Ол 2016 жылы Oktagon Challenge реалити-шоуының бөлігі ретінде негізі қаланған. Лига турнирлерінің басым бөлігі Чехия мен Словакияда өтеді.

Әр жылдары бұл лигада UFC-дің болашақ жұлдыздары: Давид Завада (19-10), Макван Амирхани (17-11) және Никлас Штольце (14-7) өнер көрсеткен. Жұмағұловқа дейін қазақстандық спортшылардың ешқайсы еуропалық лигаларда чемпиондық атаққа қол жеткізбеген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама