Жалғас Жұмағұлов UFC-де қарсыласына есе жіберді

Жалғас Жұмағұлов. Сурет: UFC©

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде Манел Каптан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде Манел Каптан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-5) пен анголалық Манел Кап (16-6) Лас-Вегастағы UFC турнирінде кездесті. Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш бес минуттан тұруы керек еді, бірақ бірінші раундта аяқталып қалды. Жалғас Жұмағұлов техникалық нокаутпен жеңілді.

Бұл Жұмағұловтың UFC-дегі төртінші жекпе-жегі. Шілдеде ол америкалық Джером Ривераны жеңіп, қыркүйекте төрт жекпе-жек өткізуге промоушенмен жаңа келісімшарт жасаған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бүгінгі кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы Роб Фонт (19-4) және Жозе Алдо (30-7) кездеседі. Турнирдің маңыздылығы бойынша екінші кезеңінде Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев (10-1) пен Брэд Ридделл (10-1) айқасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная