05 маусым 2022 | 00:16

Жалғас Жұмағұлов UFC-де тағы да жеңіліп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) UFC Vegas 56 турнирінде америкалық Джефф Молинамен өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) UFC Vegas 56 турнирінде америкалық Джефф Молинамен өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Үш раундқа есептелген жекпе-жек 29:28, 28:29, 30:27 есебімен төрешілер шешімімен 24 жастағы америкалықтың жеңісімен аяқталды.

Еске салайық, 33 жастағы қазақстандық спортшының салмағы - 57,15 келі.

Реклама
Реклама

Бұл Жұмағұловтың мансабындағы жетінші жеңілісі және америкалық промоушендегі бес жекпе-жектегі төртінші жеңілісі. Ол бұған дейін UFC-дегі төрт жекпе-жектің біреуінде ғана жеңіске жеткен. Желтоқсанда өткен соңғы жекпе-жегінде бірінші раундта анголалық Манел Кападан (17-6) нокаутпен ұтылды.

Ал қарсыласы Джефф Молина осыған дейін UFC-де екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен спортшы. 2021 жылдың қазан айында өткен жекпе-жектің екінші раундында бразилиялық Даниэль Ласердюді (11-3) нокаутқа түсірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная