ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 маусым 2020 11:32
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC промоушеніндегі жекпе-жегін асыға күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жұмағұловтың әлемнің ең мықты промоушенімен келісімшартқа отырғаны туралы ақпанда белгілі болған еді.
Cпорт порталының мәліметінше, Жалғастың UFC-дегі бірінші жекпе-жегі 11 шілде Абу-Дабидегі UFC 251 турнирінде өтеді. Қазақстандық файтердің қарсыласы - бразилиялық Раулиан Пайва.
"Осы жекпе-жекке өте асықпын", - деп жазыпты Жұмағұлов Instagram желісінде жекпе-жектің афишасын жариялап.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу