ПОДЕЛИТЬСЯ
12 шілде 2020 | 07:48
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
31 жастағы Жұмағұлов промоушендегі алғашқы жекпе-жегінде Бразилиядан келген 24 жастағы Раулин Пайвамен үш раундтық кездесуге шыққан.
Бірінші раундта бразилиялық спортшы басым болып көрінген. Ал оның соңында қазақстандық мықты көрінді, тіпті тейкдаун жасай алды.
Екінші бес минуттықта Жұмағұлов белсендірек болды және қарсыласына жақсы соққы жасаған. Екінші раундтың соңында қазақстандық тағы бір тейкдаун жасаған.
Шешуші, үшінші раундты екі жақ дүркін соққыласты. Жекпе-жектің аяқталуына бір минут қалғанда Пайва қазақстандыққа белден төмен соққы жасап, кездесу тоқтатылды. Кездесу жалғасқанда Жұмағұлов тағы бір тейкдаун жасай алды, бірақ төрешілердің шешімі түсініксіз - бразилиялық қарсыласы 29-28 есебімен жеңіске жетті.
Жұмағұлов осымен төртінші рет жеңіліп отыр. Оның рекорды - 13 жеңіс. Пайва ММА-да 20-шы жеңісіне жетті. Үш жеңілісі бар. UFC-де бұл қатарынан екінші жеңісі. Сондай-ақ, бұл промоушен аясында ол екі рет жеңіліске ұшыраған.
Еске салайық, UFC 251 турнирі Абу-Дабидегі (БАӘ) Жауынгерлер аралында өтіп жатыр. Қазақстандық спортшы Жұмағұлов ұйымда Fight Nights Global чемпионы мәртебесінде дебют жасады: былтырғы қарашада ол төрешілердің шешімімен Ресейден келген Али Багаутиновтан басым түскен еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также