14 қыркүйек 2020 | 10:16

Жалғас Жұмағұлов UFC титулына үміткер файтермен сөзге келіп қалды

Жалғас Жұмағұлов. Сурет: UFC©

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов америкалық Джон Додсонмен әлеуметтік желіде сөзге келіп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов америкалық Джон Додсонмен әлеуметтік желіде сөзге келіп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірнеше күн бұрын Жұмағұлов Додсонды жекпе-жекке шақырып, кездесуді кез-келген уақытта өткізуге дайын екенін айтқан болатын. Алайда америкалық спортшы бұл жекпе-жекке мүдделі емес екенін айтып, қазақстандыққа жалған аккаунттардан жекпе-жекке шақырудан бас тартуға кеңес берді.

Реклама
Реклама

"UFC-дегі дебют жекпе-жекгіңді маған қарсы өткізгің келетіні ұнайды. Бірақ маған UFC-де бірнеше кездесу өткізген адам керек. Маған қарсы шығу үшін түрлі жалған аккаунт ашатын қандай да бір жаңа жігітті іздемеймін", - деп жазды Додсон Twitter-де.

Жұмағұлов жауабын көп күттірмеді:

"Джонни, менде UFC-де дебют болды және қайта октагонға шығуға дайынмын. Сенде мен сияқты жанкүйерлердің қолдауы болған емес, сондықтан менің аккаунттарым жалған деп ойлайсың. Менің артымда бүкіл бір ел тұр, сондықтан менің атымды құрметте. Мен тәжірибесіз спортшы емеспін - оны менімен октагонға шыққанда біле аласың. Қаласаң, үлкен шоу жасайық, әлде сен басқа жекпе-жектеріңдегі сияқты әдеттегідей кері кете бересің бе? Менің барлық кездесуім - соғыс. Соғысқа дайын болсаң, жасайық!"- деп жауап берді Жұмағұлов.

Жұмағұлов маусымда UFC-де дебют жасаған болатын, алайда төрешілердің шешімімен бразилиялық спортшы Раулиан Пайвадан жеңіліп қалды. Ал Додсон жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағына екі рет үміткер болған, бірақ екеуінде де отандасы Деметриус Джонсоннан жеңіліп қалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная