Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі үшінші қарсыласы кім екені белгілі болды

Аралас жекпе-жектен (ММА) қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (13-5) UFC-дегі үшінші қарсыласы кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Аралас жекпе-жектен (ММА) қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (13-5) UFC-дегі үшінші қарсыласы кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жұмағұлов 10 шілдеге жоспарланған UFC 264 турнирі аясында өнер көрсетеді. Оның қарсыласы америкалық Джером Ривера (10-5).

Қазақстандық үшін бұл UFC-дегі үшінші жекпе-жек, ал Ривера үшін төртінші болмақ. Екеуі де алдыңғы кездесулерінде жеңілген. 

Реклама
Реклама

Бұған дейін әйгілі спорт шолушысы Ариэль Хельвани UFC 264 турнирінің басты оқиғасы Конор МакГрегор мен Дастин Порьенің үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Еске салайық, 32 жастағы қазақ спортшы 2020 жылдың 11 шілдесінде UFC промоушенінде бірінші рет жұдырықтасып, бразилиялық Раулиан Пайваға есе жіберген. Кейін 23 қаңтарда Жалғас швециялық Алмир Альбазиден жеңілді. Оның аралас жекпе-жектегі рекорды - 13 жеңіс және бес жеңіліс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама