21 қараша 2021 09:42

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс чемпионын нокаутпен жеңді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап.

Жәнібектің қарсыласы әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикам (38-5, 21 KO) болды. Он раундқа есептелген айқас сегізіншісінде аяқталды. Алдымен Жәнібек үшінші раундта франциялықты нокдаунға түсірді, ал сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, қазақ боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Бұл кездесуде орта салмақта екінші дәрежелі WBO Global титулы сарапқа салынды.

Реклама
Реклама

Жеңіліс көрмеген қазақстандық үшін бұл жеңіс кәсіпқой бокстағы 11-ші, мерзімінен бұрын жеңген жетінші жеңісі болды. Н'Дам 38 жеңісімен алтыншы рет жеңілді. Әлімханұлы WBO Global белбеуін қорғады. Ол сонымен қатар WBC Continental титулының иегері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram