Жәнібек Әлімханұлы Астанада нокаутпен әлем чемпионы атақтарын қорғады

Тұрар Қазанғапов

Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Астанада өткен бокс кешінде чемпиондық атақтарын сәтті қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Астанада өткен бокс кешінде чемпиондық атақтарын сәтті қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәнібек Әлімханұлы екі белбеу үшін өткен жекпе-жектегі нокауттан кейін мәлімдеме жасады.

Қазақстандық жеңілмеген чемпионның қарсыласы - Франциядан келген, IBF рейтингінде 7-орында тұрған Анауэль Нгамиссенге болды. Конголез текті француз боксшысы да осыған дейін кәсіпқой рингте жеңілмеген.

Реклама
Реклама

Бірінші раундтың соңында қазақстандық чемпионның кезекті ауыр соққысы дәл тиіп, қарсыласы нокдаунға түсті. Төреші санау жүргізіп жатқанда, раундтың аяқталғанын білдіретін гонг соғылды.

Үшінші раундқа қарай жекпе-жектегі жағдай теңесіп, Нгамиссенге бірнеше қауіпті қарымта шабуыл жасай алды. Алайда бесінші раундта Әлімханұлы қарсыласын нақты соққымен нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная