30 қараша 2019 12:59

Жанбота Алдабергенова шаңғы спортынан Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды

© olympic.kz

Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы аяқталды. Қазақстандық Жанбота Алдабергенова турнирдің күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 170.08 ұпай жинады. Бірінші орынды аустралиялық Лаура Пил иеленген. Қола жүлдені украиналық Анастасия Новосад еншіледі. Ол 153.92 ұпай жинаған.

Реклама
Реклама

Қазақстан атынан сынға түскен Ақмаржан Қалмұрзаева мен Аяна Жолдас 13 және 17-орындарды қанағат тұтты. 

Жарысқа 8 мемлекеттен 25 спортшы қатысты. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram