ПОДЕЛИТЬСЯ
05 шілде 2017 | 13:50
Жансая Әбдімәлік Қазақстан шахматының тарихында болмаған жетістікке жетті
Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстердің ерлерге арналған нормасын орындады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. Бұл Қазақстанның шахмат тарихында алғаш рет болып отыр.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстердің ерлерге арналған нормасын орындады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. Бұл Қазақстанның шахмат тарихында алғаш рет болып отыр.
Жансая АҚШ-тың Филадельфия штатында өтіп жатқан ірі халықаралық World Open 2017 турниріне қатысты. Қатысушылар саны 216 спортшы болды, олардың ішінде 33 ер гроссмейстер және 26 ерлер арасында халықаралық спорт шебері.
"Жансая тоғыз ұпайдың алтауын жинады: ол алты партияны жеңіп, екеуінде тең түсті және біреуінде ұтылып қалды. Ол рейтингі 2595 қытайлық гроссмейстерден ұтылды. Соңғы партияда рейтінгі 2658 болып тұрған жарыс көшбасшысымен ойнады. Жеңген жағдайда турнир жеңімпазы да болатын еді. Бірақ тең ойын болды", - дейді Жансаяның әкесі Данияр Әшіров.
"Бұл қуанышты жағдай. Қазақстанның шахмат тарихында 17 жастағы қыз ерлердің халықаралық нормасын орындады! Бұл керемет жетістік! Бұл жарыстың соңғы партиясын бірінші тақтада ойнау "Ролан Гаррос" финалында ойнаумен тең", - дейді ол.
Финалдық турда Жансая 17 жастағы америкалық ойыншы талантты Джеффри Ксенгпен сынасты.
"БАҚ бұған бірден назар аударды, өйткені мұндай мықты турнир финалында ең жас ойыншылар кездесті. Тағы бір қызығы, жарыс фавориттері турнир кестесінде төменге түсіп қалды", - деп жарыс туралы айтып берді Әшіров.
"Жансая бір сағат бұрын Skype желісі арқылы хабарласты. Қуанышын бөлісті. "Әке қалай ойнадым? Мен тәуекелге барған жоқпын, нақты қадамдар жасап, ыңғайы келгенде шабуылдап отырдым. Ерлер нормасын орындағым келді. Ұсақ шабуылдар да жасамадым" дейді. Біз де өте қуанып отырмыз", - дейді Данияр Әшіров.
Сонымен бірге, Жансая халықаралық рейтингте 30 пунктке жоғарылады.
Жансая Әбдімәлік АҚШ-та екі ай жүріп, төрт турнирге қатысқанын айта кетейік.
Показать комментарии
Читайте также