Жансая Әбдімәлікке Еуразияның ең сұлу шахматшысы деген атақ берілді

Жансая Әбдімәлікке Еуразияның ең сұлу шахматшысы деген атақ берілді © NewsTop.kz

?аза?станды? шахмат спортыны? хас шебері Жансая ?бдім?лік Еуразияны? е? с?лу шахматшысы ата?ын же?іп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық шахмат спортының хас шебері Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу шахматшысы атағын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін Халықаралық шахмат федерациясының ресми сайтында шахматтан Еуразияның ең сұлу аруына дауыс беру аяқталды. Оның қорытындысы бойынша отандасымыз бірінші орын алды.

17 жастағы бұрымдымызға 9136 адам дауыс берген. Екінші орынға 23 жастағы өзбекстандық Сарвиноз Курбонбоева жайғасқан. Ол 7848 дауыс жинапты. Үшінші орын 653 дауыс жинаған тәжік қызы Мутриба Хотамиге бұйырыпты.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, сайысқа бұл үш спортшыдан бөлек Польша, Әзірбайжан, Үндістан, Иран, Қырғызстан елінің спортшылары бақтарын сынаған.

Жансая Әбдімәлік халықаралық дәрежедегі гроссмейстер. Қазіргі уақытта ол Халықаралық шахмат федерациясы тізген рейтингте қыз-келіншектер арасында 43 орында келеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама