22 шілде 2020 | 10:11

Жапониялықтардың жартысынан көбі Олимпиаданы кейінге қалдыру не болмауы үшін дауыс берді - сауалнама

Жапонияның NHK қоғамдық телеарнасының сауалнамасына қатысушылардың жартысынан көбі Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру немесе мүлдем болмауын қалап, дауыс берген, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапонияның NHK қоғамдық телеарнасының сауалнамасына қатысушылардың жартысынан көбі Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру немесе мүлдем болмауын қалап, дауыс берген, - деп хабарлайды РИА Новости.

Келтірілген деректерге қарағанда, сауалнамаға қатысқандардың 66 пайызы (35 пайызы) Олимпиаданы кейінге қалдыру керек (31 пайызы) немесе мүлдем болмауы керек деп есептейді. Ал 26 пайызы Ойындардың белгіленген мерзімде - 2021 жылдың 21 шілдесінде болғанын қалайды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ респонденттердің басым бөлігі Олимпиадаға қызығушылығы барын анықтады. Олардың 71 пайызы қатты қызығатынын (23 пайызы) немесе айтарлықтай қызығатынын (48 пайызы) жеткізген.

Тек сауалнамаға қатысқандардың жеті пайызы Олимпиадаға мүлдем қызығуышылығы жоғын, ал 22 пайызы аса қызыға бермейтінін белгілеген.

Сауалнама 17 шілдеден бастап үш күн бойы телефон арқылы 18 жастан асқан тұлғалар арасында компьютермен кездейсоқ таңдау әдісімен жүргізілді. Оған 1298 адам қатысты. Статистикалық қате көрсетілмеген.

Еске салайық, Токиода Олимпиада және Паралимпиада ойындары 23 шілдеде басталуы керек болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға кейінге шегерілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная