07 тамыз 2021 | 09:43

"Жарыстан шеттетілді". Төрешілер қазақстандық балуанның Токиодағы жеңісін "ұрлаған"

Фото: Жеңіс Ысқабай / Olympic.kz

Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай төрешілер қазақстандық балуан Әлішер Ерғалидің 2020 жылы Токио Олимпиадасының ширек финалындағы жеңісін ұрлағанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай төрешілер қазақстандық балуан Әлішер Ерғалидің 2020 жылы Токио Олимпиадасының ширек финалындағы жеңісін ұрлағанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"22 жастағы жас балуан Әлішер Ерғалидің Олимпиада ойындарының ширек финалындағы жеңісі ұрланды. Алдымен төрешілер төрт ұпайлық лақтыруды екі ұпайға бағалады, сосын түрік балуаны бозкілемнен шығып кеткені үшін бір ұпай бермеді. Екі кезеңде де Әлішер шабуылға шықты және белсенді болды, бірақ қарсыласқа ескерту берілмеді, бұл да бір ұпай. Барлығы төрт ұпай. Төрешілердің мұндай әрекеттерін қалай болдырмау керегін ойланамыз", - деп келтірді Ерлан Қожасбайдың сөзін Kazakhstan__wrestling Instagram-парақшасы.

Реклама
Реклама

Публикация от Kazakhstan_wrestling (@kazakhstan__wrestling) 

Сондай-ақ, осы жекпе-жектегі бозкілем жетекшісі жарыстан шеттетілгені хабарланды. Ал қалған төрешілер тек ескерту алған. 

Еске салайық, Ерғали Токио Олимпиадасының ширек финалында Сулейман Караденизден 7:8 есебімен жеңілген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная