ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қазан 2019 | 15:10
"Жекпе-жек өтпейді". UFC басшысы МакГрегордың келесі жекпе-жегіне қарсы шықты
UFC басшысы Дана Уайттың айтуынша, ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Фрэнки Эдгар арасында жекпе-жек өткізудің қажеті жоқ, деп хабарлайды "Р-Спорт".
ПОДЕЛИТЬСЯ
UFC басшысы Дана Уайттың айтуынша, ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Фрэнки Эдгар арасында жекпе-жек өткізудің қажеті жоқ, деп хабарлайды "Р-Спорт".
Бұған дейін МакГрегор Эдгармен кездесуге келіскені және жекпе-жекті желтоқсанда өткізуге Уайттан сұрағаны хабарланған.
"Конордың тағы төбелескісі келеді, бірақ Фрэнки Эдгармен жекпе-жек өтпейді. Эдгар МакГрегордан екі салмақ дәрежесіне төмен. Оның Алджамейн Стерлингпен төбелесуі керек болатын. Бірақ Алджамейн жарақат алып қалды. Фрэнки карьерасын аяқтауға жақын, бірақ тағы да титул үшін шығуы мүмкін. Конормен кездесудің мәні жоқ", - деді Уайт.
МакГрегор соңғы жекпе-жегін 2018 жылы 6 қазанда АҚШ-та UFC 229 турнирінде ресейлік Хабиб Нурмагомедовке қарсы өткізген. Жеңіл салмақта UFC титулы үшін кездесуде Конор жеңіліп қалған болатын. Жалпы алғанда, ирландиялық файтер 21 рет жеңіске жетіп, төрт мәрте жеңілген.
Ал 38 жастағы Эдгар бұрын UFC чемпионы болған. ММА-де 30 кездесу өткізіп, 23-інде жеңген, қалған жетеуінде жеңіліс тапқан.
Показать комментарии
Читайте также