ПОДЕЛИТЬСЯ
03 мамыр 2017 | 16:14
Жеңіл атлетика федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін таныстырды
Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін таңдады. Өзгеріске бапкерлер құрамы ғана ұшыраған жоқ. Бұл спорт түрінің құрылым толық өзгереді деуге болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін таңдады. Өзгеріске бапкерлер құрамы ғана ұшыраған жоқ. Бұл спорт түрінің құрылым толық өзгереді деуге болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, мамырдың 3-інде Алматыда өткен баспасөз мәслихаты кезінде жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың жаңа бапкері таныстырылды. Григорий Егоров - бұл спорт түрінен көптеген атаққа қол жеткізген маман. Ол - сырықпен секіруден 1988 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, 1993 жылғы әлем чемпионатында күміс медальға қол жеткізгенн, Азия ойындарының чемпионы және сырықпен секіруден Азияның рекордсмені.
"Қазақстан құрамасын басқаруға мүмкіндік берілгені үшін алғысымды білдіремін. Менің тағайындалуым Азия Гран-приімен сәйкес келді. Жеңіл атлеттеріміз бұл жарыста біршама жетістікке қол жеткізді. Бұл жеңіл атлетикадан болашағамыздың барын білдіреді. Ұлттық құрама мен Федерация үлкен бір команда. Біздің басты мақсат - жеңіл атлетикамыздың деңгейін көтеру. Әлемдік жарыстарда жеңіске қол жеткізетін деңгейге", - деді Егоров өзінің тағайындалуына қатысты сөзінде.
Федерацияның басты бағыттарының бірі ұлттық масштабтағы заманауи спорт бірлестігін құру. Осыған байланысты заманауи инфрақұрылым салу бағдарламасы ұсынылды.
"Әзірше құрылыс жоспарлары дайындалып жатыр, біз дайын инфрақұрылымды пайдалануымыз керек. Орталық стадион да жаттығуға берілмейтініне қатысты толқулар болған. Бұл мәселені шешу оңай - келісім жасау керек. Заң жүзінде жаттығу уақыты, ұзақтығы мен өзге де мәселелер нақты бекітілуі қажет. Уақыт өте өзіміздің жаттығатын және жарыс өткізетін орындарымыз болады. Арнайы техникалық база үлкен қалаларда ғана емес, аймақтарда да болатынын айта кеткім келеді", - дейді Алматының жеңіл атлетика федерациясының жетекшісі Мұхит Әзірбаев.
Бүгінде Жеңіл атлетика федерациясының жаңарған құрамында спорт дирекциясы, ғылыми-техникалық орталық, қаржы, заң, медециналық және PR қызмет жұмыс істей бастаған. Сонымен қатар, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру бойынша бағдарламалар басталғанын атап өту керек.
Ал мамырдан бастап федерацияның жаңарған интернет-ресурсы іске қосылды. Сайтты мына жерден көре аласыз.
Показать комментарии
Читайте также