Жеңілмеген қазақстандық WBO титулынан жекпе-жексіз айырылды

Қазақстандық Жанқош Тұраров 6 тамызда Белфастте (Солтүстік Ирландия) өтетін бокс кешіне қатыспауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық Жанқош Тұраров 6 тамызда Белфастте (Солтүстік Ирландия) өтетін бокс кешіне қатыспауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл кеште Тұраров жергілікті боксшы Тайрон Маккеннаға қарсы жекпе-жекте бірінші салмақ дәрежесіндегі WBO Inter-Continental титулын қорғайды деп жоспарланған болатын.

Алайда, BoxRec мәліметінше, Маккеннаға қарсы рингке Тұраровтың орнына мексикалық Хосе Феликс шығады. Енді қазақстандыққа тиесілі болған бірінші жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental бос титулы сарапқа салынады. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Тұраров пен Маккеннаның жекпе-жегі екінші рет өтпейін деп тұр. Бастапқыда боксшылар сәуірде Дубайда рингке шығуы керек еді, бірақ бұл жекпе-жек қазақстандық спортшының коронавирус жұқтыруына байланысты тоқтатылды.

Осы жолы кездесу неге болмайтыны белгісіз.

Тұраров соңғы рет рингке 2019 жылдың шілдесінде шыққан, ол кезде Нұр-Сұлтанда үшінші раундта аргентиналық Мауро Максимилиано Годойды нокаутқа түсіп, WBO титулын жеңген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама