Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегін кіммен және қайда өткізеді?

Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегін кіммен және қайда өткізеді? Жалғас Жұмағұлов

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегінің өтетін күні, орны және қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегінің өтетін күні, орны және қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт басылымының мәліметінше, отандасымыз келесі айда жекпе-жекке шығады. Кездесу 28 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Жұмағұловтың қарсыласы Швеция өкілі Амир Албази болады. Қазақстандықтың қарсыласы алда жекпе-жек болатынын өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Реклама
Реклама

Екеуі де UFC-де дебютті шілдеде жасаған. Ол кезде Жұмағұлов төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты, ал Албази жеңген еді. 

Еске салайық, қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалған болатын. 31 жастағы Жұмағұлов промоушендегі алғашқы жекпе-жегінде бразилиялық 24 жастағы Раулин Пайвамен үш раундтық кездесуге шыққан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама