Жұмағұлов UFC-дегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Жалғас Жұмағұлов. Фото: UFC©

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіндегі жеңіліске қатысты пікір білдірді. Ол қолдау білдірген барлық қазақстандыққа алғыс айтып, болашақта елін тек қуантуға уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіндегі жеңіліске қатысты пікір білдірді. Ол қолдау білдірген барлық қазақстандыққа алғыс айтып, болашақта елін тек қуантуға уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ассалаумағалейкум. Мені қолдап, маған жанкүйер болып жатқандарыңызға рақмет. Ештеңе етпейді. Бұдан да мықтырақ болып ораламыз. Бүгін осындай қиындай сәтте елімді қуанта алмадым. Бірақ ештеңе етпейді, әлі талай қуантамын. Барлығына рақмет. Бұдан да мықтырақ болып ораламыз", - деді Жұмағұлов.

Реклама
Реклама

Еске салайық, қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалған болатын. 31 жастағы Жұмағұлов промоушендегі алғашқы жекпе-жегінде Бразилиядан келген 24 жастағы Раулин Пайвамен үш раундтық кездесуге шыққан еді.

Жұмағұлов осымен төртінші рет жеңіліп отыр. Оның рекорды - 13 жеңіс. Пайва ММА-да 20-шы жеңісіне жетті. Үш жеңілісі бар. UFC-де бұл қатарынан екінші жеңісі. Сондай-ақ, бұл промоушен аясында ол екі рет жеңіліске ұшыраған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама