23 қаңтар 2022 | 13:23

Жұмағұловтың салмақ дәрежесіндегі UFC чемпиондарының үшінші жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, мексикалық Брэндон Морено Анахаймда (АҚШ) өткен UFC 270 турнирінде бразилиялық Дейвесон Фигейредодан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, мексикалық Брэндон Морено Анахаймда (АҚШ) өткен UFC 270 турнирінде бразилиялық Дейвесон Фигейредодан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар бес раунд өткізіп, нәтижесінде Фигейредо төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағын өзіне қайтарды.

Морено мен Фигейредо 13 айда үшінші рет алаңға шықты. 2020 жылдың желтоқсанында олар бес раунд өткізді, онда тең түсіп, Фигейредо белдікті сақтап қалды. Бірақ 2021 жылдың жазында Морено қарсыласын жеңіп, Мексикада туып-өскен UFC тарихындағы алғашқы чемпион болды.

Реклама
Реклама

34 жастағы бразилиялық ММА-да екі рет жеңіліп, бір рет тең түсіп, жиырма бір рет жеңіске жетті. Ал 28 жастағы мексикалық он тоғыз рет жеңіп, екі рет тең түсті.

Еске салайық, бұған дейін эквадорлық Майкл Моралес UFC-де жеңіске жетіп, дебют жасаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная