05 мамыр 2019 11:57

"Канело" Джейкобсты жеңді

Камила Долаева Журналист
© DAZN

WBC және WBA (Super) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңіп, оның IBF белбеуін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен кештің басты жекпе-жегі болды. Жұдырықтасу барлық 12 раундқа созылды және нәтиже бойынша төрешілер бір ауыздан жеңісті мексикалық боксшыға берді - 116:112, 115:113, 115:113.

Реклама
Реклама

Осылайша Альварес үшінші чемпиондық белдеуді жеңіп алды. Олардың барлығы бұрын қазақстандық Геннадий Головкинде (38-1-1, 34 КО) болған. 

Енді "Канелоға" орта салмақтағы абсолют чемпион атану үшін WBO нұсқасы бойынша белбеу жеңіп алу керек.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram