30 желтоқсан 2021 | 09:49

Канелоның бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін екенін айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварес (57-1-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытты. Бұл туралы Boxingscene.com порталына мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварес (57-1-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытты. Бұл туралы Boxingscene.com порталына мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Чемпион ретінде біз ең мықтылармен айқасуға тырысуымыз керек. Белбеуі бар боксшылармен, жанкүйерлер күтетін жекпе-жектер. Біз Джермалл Чарло (WBC чемпионы) және Головкинмен жұдырықтасқымыз келеді," - дейді маман Альварестің орта салмақта шыққысы келетін қарсыластарын атап.

Еске салайық, Канело мен Головкин орта салмақта екі жекпе-жек өткізді. Біріншісі 2017 жылдың қыркүйегінде даулы тең нәтижемен аяқталса, бір жылдан кейін мексикалық минимумда жеңіске жетті. Осыдан кейін Альварес төртінші дивизионды бағындырды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная